Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысындағы кей ауылдарға қатынас үзілді

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2021
  • 3683

Қарағанды облысындағы бірнеше ауылда қатынас үзілді. Өйткені жергілікті өзен арнасынан тасыған. Осының салдарынан автокөлік жолдары су астында қалды. Төтенше жағдай мамандары су екпінін арнайы бөгеттермен тоқтатып әлек. Қарда жылдам еріп, жығылғанға жұдырық болып тұр. Жағдай әсіресе Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында қиындады. Дегенмен мамандар елді-мекендерге төнген қауіп жоқ деп сендірді.

Қарағанды өңірінде ірі суқоймалар мен өзендерде мұзды жару жұмыстары әлі аяқтала қоймаған. Соған қарамастан қар жылдам еріп жатыр. Осакаров, Нұра аудандарында республикалық тас жолдарды су басты. Мамандар селдің екпінін арнайы бөгеттермен тоқтатты. Ал бүгін Көн, Нұра, Теңіз көлдерінің маңында орналасқан Нығман, Ақтүбек, Құланөтпес ауылдарына көлік қатынасы тоқтады.

Мұрат ҚАТПАНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫ:

Ол оқиғалар жыл сайын орын алады. Оны халық біледі. Құзыретті мекемелер де біледі. Жағдай бақылауда деп айтуға болады. Әрекет ол жерде жасау қиын. Өйткені ол елді мекендер жаңағы Теңіз өзенінің кіре берісінде мемлекеттік парк, Көн және Нұра өзенінің қиылысында орналасқан елді мекен. Үлкен дамбы ретінде бөгетпен қоршалған.

Солтүстік Қазақстан облысында да осыған ұқсас жағдай. Аудан орталығы Тимирязев ауылына баратын жолдың біраз аумағын қар суы басып қалған. Сел өңірдегі облыстық маңызы бар жолдың да үстінен өтіп жатыр. Есіл ауданы Горное елді-мекенінің маңында қар суы жиналып, көлге айналған. Төтенше жағдай қызметі мамандарының айтуынша, әзірге жақын маңдағы елді мекендерде орналасқан үйлерді су басу қаупі жоқ.
 
Мұрат ҚАНҒОЖИНОВ, СҚО ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Кеше және бүгін ауа температурасы көтеріліп, жаңбыр жауды. Соның әсерінен қар қарқынды ери бастады. Жолды басып қалған сулар терең емес. Көліктер емін-еркін қозғалып жатыр. Жағдайды бақылап отырмыз. Жақын маңдағы ауылдар үшін қауіп жоқ. Жиналған қар суын сорып, арықтарды тереңдеттік.


Қарағанды облысында су тасқынына қарсы жедел штаб ертең көлік қатынасы үзілген ауылдарды ұшақпен бақыламақ. Соған сай шара қолданамыз деп сендірді.  

А. Қуаш