Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысындағы түрмеде сотталушылар жанжалдасып бір адам қаза болды

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2021
  • 2242

Алматы облысындағы қауіпсіздігі орташа мекемеде сотталушылар жанжалдасып, бір адам қаза болды. Түрме қызметкерлері, оған дереу медициналық көмек көрсеткендерін айтты. Алайда аман алып қала алмаған. Абақтыдағы қанды оқиға жайында әріптесім Әсем Лесбек әңгімелейді.

Қанды оқиға ЛА-155-те 14 қауіпсіздігі орташа мекемесінде болған. Түрме басшыларының айтуынша, тұтқындалған екі жігіт өзара тілтабыса алмай, артынша төбелескен. Келтірілген дене жарақаты салдарынан сотталған ер адамның бірі оқиға орнында көз жұмған.

Ақерке ЖАУБАСАРОВА, ҚР ІІМ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ КОМИТЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
 
Мекеме қызметкерлері зардап шеккен адамға дереу медициналық көсек көрсетті. Алайда жедел-жәрдем екінші сотталғаның өлімін анықтады. Бұл жазасын өтеушілер бұрын сотты болған. Қазіргі кезде олар Қылмыстық кодекстің «қарақшылық» және «тонау» баптары бойынша жазасын өтеп жатқан.


Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қанды оқиға жайында ашып айтпай отыр. Марқұм мен күдіктінің жастары да белгісіз. Суық қару болды ма, жоқ па ол да беймәлім. Заңгерлер мұндай жағдай түрме қызметкерлеріне де шара қолдану қажет деді.

Сергей УТКИН, ЗАҢГЕР:

Мекеме қызметкерелері егер жанжал басталған сәтте немқұрайлылық танытып, бей-жәй қараған болса олар міндетті түрде жазаланады. Оларға 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін. Тергеу кезінде ондағы бейнекамерлардың барлығы жіті бақылануы керек.

Сондай-ақ, темір торда отырып адам өлтірген сотталушы, енді  Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша тергелуі мүмкін. Ал бұл бап бойынша 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті күдіктінің кінәсі дәлелденсе жаза үстіне жаза арқалуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Ал қақтығыстың нақты неден болғаны қызметтік тергеу барысында анықталмақ.

Ә. Лесбек