Русский Сайттың толық нұсқасы

Қару-жарақтарды сатып алу акциясы қайта басталады

  • AstanaTV
  • 12 сәуір 2021
  • 2848

Елде 20 сәуірден бастап, халықтан заңсыз қару-жарақтарды сатып алу акциясы қайта жалғасады. Оны өткізуге республикалық қазынадан 95 млн теңгеден астам қаражат қарастырылған. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы Асылбек Ыдырысов мәлімдеді. Заңсыз қару-жарақты тапсырған азаматқа суық қарудың әр бірлігі үшін 300 мыңға дейін өтемақы төленбек.

Асылбек ЫДЫРЫСОВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

Материалдық өтемақы мәселелеріне келетін болсақ, ерікті тапсыру үшін төлемдер мөлшері қарудың түріне, оның техникалық жағдайына байланысты және әр бірлігі үшін 30 мыңнан 300 мыңға дейін болады. Сыйақы көлемін әр облыстық, қалалық және аудандық полиция органдарында құрылатын комиссия анықтайды.

     
Бұл шара ел аумағында 2008 жылдан бері жалғасып келеді. Күні бүгінге дейін акция аясында 53 мыңнан астам қару мен 2 млн-нан астам ойық қару патрондары тұрғындардан сатып алынған. Оған бюджеттен 1,7 млрд теңге жұмсалған. Айта кетейік мұндай акциялар өз кезегінде қылмыстың алдын-алуға көмектесетін көрінеді.

Б. Сатуов