Русский Сайттың толық нұсқасы

«Nur Otan» партиясы өңірлердегі вакцинациялау процесін өз бақылауына алады

  • AstanaTV
  • 12 сәуір 2021
  • 1569

«Nur Otan» партиясы вакцинациялау процесін өз бақылауына алады. Бұл туралы партиялық бақылау комитетінің отырысында белгілі болды. Яғни партиялықтар тұрғындарға COVID-19-ға қарсы екпе салынуын, вакциналарды аймақтарға бөлу жұмыстарын қадағаламақ.

Артур ПЛАТОНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:


Өңірлердегі ақпаратқа сай жұмыс жүргізіледі, яғни қай жақта қандай проблема бар. Вакцина шығаратын зауыттарда проблемалар болғанын білесіздер. Қарағанды облысында уақытында ештеңе жасалмады, десе де жұмыс істеп, тырысып жатыр. Ал Жамбылда тіпті.


Сондай-ақ «Nur Otan» партиясы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің бірінші отырысы өтті. Онда кеңестің жұмыс жоспары, бағыт-бағдары пысықталды. Негізгі мақсаты – елдегі коррупциямен күрес. Қоғамның барлық бөлігін қамту мақсатында мүшелікке түрлі сала өкілдері тартылған. Атап айтар болсақ, Мәжіліс депутаттынан бастап блогерге дейін кеңеске мүше. Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын кеңестің ескі құрамы 80 пайызға жаңартылып, төраға лауазымына жаңадан Ерлан Сайыров сайланған еді.

Ерлан САЙЫРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 
Біздің елдегі халықтың әл-ауқатын көтеруге кедергі болып отырған аймақтық және орталықтағы экономикалық проблемаларды қарастыру. Сондай-ақ партияның коррупцияға қарсы күрес жөніндегі 2025 жылға дейінгі бағдарламасы бар, сол бағдарлама қалай жүзеге асырылып жатыр, соны жан-жақты қарастыру.

Ә. Өмірзақ