Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттік балуан 400 келіге жуықтайтын түйені көтерді

  • AstanaTV
  • 12 сәуір 2021
  • 1484

Шымкентте салмағы 400 келіге жуықтайтын түйені көтерген балуанның күші көпшілікті таңдай қақтырды. Қол күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Тимур Спатаев, күш атасы -Қажымұқаннан кейін бұл өнерді тұңғыш болып қолға алып отыр.

Атан түйені иығына көтерген палуан осылайша бірнеше метр жүріп өтті. Спортшының бұл өнері күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орайластырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты - күллі түркі жұртына ортақ болған күш атасының әлемге танытқан өнерін қайта дәріптеу. Сонымен қатар келер ұрпаққа насихаттап, батыр бабамыздың рухына тағзым жасау,- деді ұйымдастырушылар.

А. Төребекқызы