Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаңаөзен қаласының тұрғындары жұмысқа орналасу мәселесі бойынша қоғамдық қабылдауға келді

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2017
  • 3578

Бүін Астанадағы азаматтардың қоғамдық қабылдауында мәжіліс депутаты Қабиболла Жақыпов азаматтардың арыз-шағымын тыңдады. «Нұр Отан» фракциясының мүшесі, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитет мүшесі Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен кездесті. Азаматтар жергілікті мұнай компаниясына қызметке орналаса алмай жүргендерін айтып, базынасын жеткізді.

Мұхамбет Серікбаев, Жаңаөзен қаласының тұрғыны:

Бізге 2015-те мораторий дейді, 2012 жылы да солай деген. Оған қарамай 2014 жылы 31 адам жұмысқа алынды. Өткен жылы 6 бала алынды. Бізде "Өзен МұнайГазға" жұмысқа кіргіміз келеді.

Жұмажан Жүкенов, «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі:

Жақыпов мырза жаңағы мәселені құзыретті мекемелерге зерттеуге жолдаймын деді, оның үстіне осы кісілерді қабылдап, тыңдауын талап етемін деді және өз бақылауында ұстаймын деді. Бұл бақылау "Нұр Отан" партиясы тарапынан да болады.