Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада Қарағанды облысының күндері өтіп жатыр

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2017
  • 2300

Астанада Қарағанды облысының күндері өтіп жатыр. Қазақстан жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылды. Ауқымды концерттік шараның ұжымы 1200 адамнан құралған. «ЭКСПО» көрмесіндегі амфитеатрда Қарағанды облысының өнер майталмандары, қазақстандық эстрада жұлдыздары Мақпал Жүнісова, Бекболат Тілеухан, Қарақат Әбілдина, Қыдырәлі Болманов, «Ұлытау» тобының, тағы да басқа әншілердің қатысуымен өткен гала-концерт көрермендердің ықыласынан шықты. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, 10 мыңдай көрермен жиналған.

Еркебұлан Ағымбаев,  Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы:

Біз жақсылап тұрып дайындалдық. Осы күнді күттік. Осы ЭКСПО-2017 көрмесіне бізде атсалысып жатқанымызға қуаныштымыз. Қазір біз бірнеше жерде астаналықтарға концерттер ұйымдастыратын боламыз. Бұл гала-концерттен басқа, кеше этноаулдың ашылуы болды. Жұртшылықтың көңілінен шықтық деп ойлаймыз. 

Республикалық ұлттық кітапханаға «Сарыарқа кітапханасы» 100 томдығы, Әлихан Бөкейханның 15 томдық шығармалар жинағы мен «Қаз дауысты Қазыбек бидің» 2 томдық кітабы салтанатты түрде кәдесый ретінде табысталды. ЭКСПО көрмесіне орайластырылған шара ертең де жалғасады. "Қазанат" ипподромында шабандоздық көрнекі өнер көрсету, қыз қуу, жамбы ату бойынша жарыстар ұйымдастырылмақ. Ал, 9 қыркүйекте «Бәйтерек» алаңында облыстың көркемөнерпаздар мен шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасын тамашалауға болады.