Русский Сайттың толық нұсқасы

Азық-түлік бағасын тұрақтындыру үшін, халықтың сатып алу қабілетін жақсарту керек, -экономист

  • AstanaTV
  • 13 сәуір 2021
  • 1858

Елордадағы азық-түліктің бағасын тұрақтандыру жолдары қарастыралы бастады. Жауаптылар сауда желілерінне жеңілдетілген несие беруді қайта жалғастырмақ. Ол үшін қазынадан қаражат қарастырылған. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту бөлімі басшысының орынбасары Гүлмира Ермолдина мәлімдеді. Айта кетейік, баға бағынбай барады деген мамандар, қымбатшылықтың себебін пандемиямен байланыстырды.

Гүлмира ЕРМОЛДИНА, НҰР-СҰЛТАН қ. ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ ММ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Елде шикізат бағасы мен көлік шығындары өскен. Бағалар көтеріліп инфляция жалғасуда. Мұның бәріне пандемия өз әсерін тигізіп отыр. Азық-түлік бағасының өсуін республикадағы барлық өңірден байқауға болады. Мәселен, жыл басынан бері елорда да жеміс-көкөніс өнімдері 7% -ға, жұмыртқа - 10% -ға қымбаттаған.

Жергілікті билік жергілікті сауда желілерімен ортақ келісім жасауды көздеп отыр. Мақсат әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түріне максималды сауда үстемесін белгілеу дейді. Бірақ бұл бастама, экономисттің пайымынша уақытша ғана болмақ.

Сапарбай ЖОБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:

Осы реттелулердің анау айтарлық ұзаққа мерзімге әсерін... Ұзаққа бармайды демекшімін. Неге? Себебі олар бір мезгілде ғана қарайды. Ал оның түпкілікті, іргелі себебі бұл біздегі экономиканың дамуын көбейтіріп, халықтың сатып алу қабілетін көбейту керек.

Б. Сатуов