Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында 115 екпе бөлмесі ашылған

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2021
  • 2063

Қарағанды облысында коронавирусқа қарсы екпе салатын 115 бөлме ашылды. Олар вакцина сақтайтын арнайы тоңазтқыштармен жабдықталған. Егу бөлмелері емханалардан бөлек, сауда орындарында да ұйымдастырылыпты.  

Бұл - Қарағандыдағы ең ірі сауда қалашығы. Мұнда келушілердің қарасы қалың. Оларды айтпағанның өзінде саудагерлердің өзі мыңнан асады. Мәдина - осындағы медицинаға жауапты әкімшілік қызметкер. Ол адамдармен жиі кездесетіндіктен, өзі үшін бүгін екпе жасатты.

Мадина ҚАЛИЕВА, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Мен жаңа ғана вакцина алып шықтым, әсері ешқандай болған жоқ. Енді осы вакцинаны алған себебім өз денсаулығымды сақтау үшін, әр адам вакцина салдыру керек деп ойлаймын.


Вакцина салмас бұрын, дәрігерлер алдына келген адамның денсаулығын жіті тексеріп алады. Егер қан қысымы жоғары немесе иммунитеті төмен болса, екпені кейінге қалдыруға кеңес беріп жатыр. Мамандардың айтуынша бүгінде 20 мыңнан астам адам Ресей препаратының бірінші компонентін қабылдапты. Әзірге қандай бір асқынулар тіркелген жоқ деді.

Қанат НАУРЫЗБАЕВ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛЫҚ  «МЕРЕЙ» ЕМХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:


Қазіргі мына індетке байланысты, көп тарап кетті ғой енді.  Соны тоқтату үшін бәріміз вакцинациядан өтуіміз керек. Осы вакцинациядан кейін поствакцинарный синдром болып осложнениялар болып больницаға түскен жағдайлар естіген жоқпын.

Ардақ АҒЫЖАНОВ,  ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Сол вакцинация алып көрейін деп індетке қарсы. Көмегі тиеді деп ойлаймын.


Марғұлан АХМЕТЖАНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Ешқандай қорқыныш жоқ, алу керек деп ойлаймын енді.


Екпе алуға келгендер, дертің алдын алуды ғана емес, емін- еркін саяхаттап жол жүруді де көздеген. Демалыс кезінде ұзақ сапарға шығуды жоспарлағандары көп екен. Облыс бойынша барлығы 115 егу бөлмесі, келушілерге есігін айқара ашқан. Сонымен бірге кәсіпорындардағы жұмысшыларды вакцинациялау үшін мобильді бригадалар да құрылыпты.

А. Қуаш