Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтанда коронавирусты жұқтыру дерегі бойынша рекордтық өсім тіркелді

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2021
  • 1475

Бүгіннен бастап, әуежайлар мен теміржол вокзалдарына, жолаушылардан өзге адамдар кіргізілмейтін болды. Яғни шығарып салушылар мен күтіп алушылар ғимаратқа өтпейді. Көлік жөніндегі бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты. Мұндай шешім ел ішінде коронавирус жұқтырғандар санының көбеюіне байланысты қабылданып отыр. Бұл талап вирус жұқтыру қаупі жоғары аймақтардың барлығына енгізілген. Қазірдің өзінде эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасындағы «қызыл белдеуде», тоғыз аймақ тұр. Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында кеселді жұқтыру дерегі бойынша рекордтық өсімі байқалды. Өткен тәулікте 650 адамнан вирус белгілері анықталған. Ал, ел бойынша соңғы тәулікте 2 мың 600-ден астам қазақстандық, COVID-19 жұқтырыпты. Көшті әлі де Алматы бастап тұр. Онда 657 жаңа дерек тіркелген. Алматы және Қарағанды облыстарында да жағдай ушыққан. Қазір коронавирустан 591 науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.


Ә. Өмірзақ