Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда кәсіпкерден тартып алынған жер қайтарылатын болды

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2021
  • 1574

Павлодарда кәсіпкерден тартып алынған жер қайтарылды. Қомақты қаржысы желге ұшқан Жанар Әбетанова, «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімінен көмек сұраған болатын. Мәселеге партяилықтар араласып, бүгінгі күні оң шешімін тапты. Осыдан 3 жыл бұрын кәсіпкер Жанар Әбетанова мал шаруашылығын дамыту үшін, Тереңкөл ауданының аумағынан жайылымдық жер алған. Кейін Павлодар облысының прокуратурасы жерді беруде заң бұзушылықтар болғанын айтып, мемлекетке қайтаруды талап етіпті. Бірақ, кәсіпкер жер алысымен бірден мал ұстайтын қора-қопсы салып, бизнеске 250 млн теңге қаражат салған.

Жанар ӘБЕТАНОВА, КӘСІПКЕР:

Сондықтан, «Nur Otan» партиясына көптен көп алғысымды айтқым келеді. Міне, 31 наурызда менің нем шешілді.

Илья ТЕРЕНЧЕНКО, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ПО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Әбетановаға заң жағынан кеңес берілді. Павлодар ауданының прокурорына өтінім жіберілді. Жер қатынасы бойынша сұрақ автоматты түрде бірден шешілді. Бір апта бойы мәселе реттеліп, кәсіпкер «Nur Otan» партиясының қатарына қабылданды.

Жалпы жыл басынан бері Павлодар облысында партияның қоғамдық қабылдауына 1741 адам жүгінген. Келіп түскен өтініштердің 41 пайызы шешілген.

Ө. Қуанар