Русский Сайттың толық нұсқасы

Масадан қашан құтыламыз?

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2021
  • 1958

Керекуліктер күн жылына салысымен, шыбын-шіркей, ызылдаған маса мазамызды алады дейді. Бүгін осындай мәселені айтып, Ақсу қаласының азаматтары редакциядан көмек сұрады. Айтуларынша, соңғы 7 жылда шыбын-шіркейді улау жұмыстары мүлде жүргізілмейтін көрінеді. Осының кесірінен жаз басталса, өзге аймақтағы туыстарымызды паналауға мәжбүрміз дейді. Ал жауаптылардан жарытып жауап ала алмадық деп отыр. Тындап көрейі.

Алина АҚСУ, ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Жаз басталысымен сары масалардың атакасы басталады. Биылғы жылы тағы да қайталанады ма деп біз қорқып отырмыз. Жылда тұрғындар өздерінің арыздарын жазады. Бірақ ешқандай амал қолданылмайды.

Біз осы мәселені қазір Павлодар облысы Қоршаған ортаны қорғау басқармасының мамандарына жолдап көрейі. Су ресурастарын басқару бөлімінің басшысы Мақпал Лепесова, бізбен байланысқа шығуға дайын екен. Мақпал ханым, қайырлы кеш! Жаз да жақындап қалды. Шыбын-шіркеймен күрес басталды ма?

Мақпал ЛЕПЕСОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:


Иә, жұмыстар басталып жатыр. Қазіргі кезде әкімдіктермен конкурс жариялау кезеңін жоспарлап отырмыз. Жуық арада жұмыстар толықтай басталатын болады.

Арнамызға арызданған тұрғындар бұл мәселе 7 жылдан бері шешілмей келе жатқанын айтты. Неге шеше алмай жатырсыздар?  

Мақпал ЛЕПЕСОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:


Бұған дейін бұл іспен ЖКХ бөлімі айналысқан. Салада айтарлықтай өзгерістер орын алды. Енді ондай олқылықтар қайталанбай жұмыс жанаданады деп сенеміз.

Сұхбатыңызға рақмет. Бұл мәселе сөз жүзінде қалмайды деп сенейік. Бізде бұл проблеманы өз бақылауымызға аламыз. Қадірменді көрермен, «Телефон» айдары қайта эфирге оралды. Егер сізді де алаңдатқан өзекті мәселе болса, экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласуыңызға болады. Біз сізбен бірге тікелей экранда жауабын іздейтін боламыз.

Ғ.Өтемісов