Русский Сайттың толық нұсқасы

Ғашықтар күнінде 9 жұп неке қидырды

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2021
  • 1667

Бүгін - Қозы Көрпеш-Баян сұлу күні. Елордада осы күнге орай 9 жұптың некесі заңдастырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, дәл осы күнді тойлау жастардың сұранысынан туындап отыр. Дегенмен жыл сайын - ғашықтар күні -сана мен әдетке сіңіп келеді. Салтанытта шараға қатысқан тәлшіміздің репортажы.

Қол ұстасып, мерекеге келе жатқан жұптардың төбесі көкке бір елі ғана жетпей тұр. Бал-бұл жанған жас-жұбайлар, Қозы Көрпеш-Баян сұлу күні шаңырақ көтеріп жатқандарына қуанышты.

Думан ШОРА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бүгінгі күн біз үшін өте керемет өтті.Біз Астана қаласының әкімдігіне өте үлкен алғыс білдіреміз. Біздің неке қию рәсіміміз осындай өте тамаша атмосферада өтіп жатыр.


Қозы Көрпеш Баян сұлу күні ұғымы, халық санасында 1999-жылдан бастап айтылып жүр. Алайда, ара-тұра тойланып, ұлы мерекелердің сабына қосыла алмай қойды. Әулие Валентиннің туған күнінде қызыл жүрекшелерге құмартатын жастарға, дәл бүгінгідей мереке керек-ақ!

Анна АЛЕКСА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біз бұдан былай әр жыл сайын осы мерекені тойлаймыз деп ойлаймыз. Осы ерекше күнді жанұямызбен, жақындарымызбен бірге өткізсек деп армандаймыз. Бұл айрықша әсерлі күн. Өте қуаныштымыз.

Бүгін алғаш рет бас қаланың қақ ортасында сән-салтанаты келіскен ортада ғашықтар күні тойланды.

Раушан ЗАРИРОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. ЕСІЛ АУДАНДЫҚ ӘКІМДІК АППАРАТЫ АХАТ БӨЛІМІНІҢ:

Қозы Көрпеш Баян сұлу мерекесін атап өту біздің ауданның әкімінің бастамасы бойынша ұйымдастырылды. Біз елімізде осындай мейрамның бар екенін біліп жүру дұрыс деп санаймыз. Мысалы, Ресейде Валентин күнін атап өтетінін білесіздер. Сондықтан, осы алаңда мынандай мереке алғаш рет атап өтілді. Бүгіннің өзінде біз өз Есіл ауданымыз бойыншща 9 жұптың некесін тіркедік.

Пандемия тұсындағы мереке болғандықтан медициналық маскасыз, мұнда да келуге болмайды. Барлық қауіпсіздік шараларына аса мән берілген. Музыка да ойналды, ән де айтылды. Бүгін бұл ғимараттан шыққандар бақытты. Ендігі мақсат, дәл осы дәстүрді жыл сайын жалғастыру.

Л. Қуанышқызы