Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда әлімжеттік көрсеткен жасөспірімдерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 16 сәуір 2021
  • 2737

Атырауда мектеп оқушылары, қатарласын жабылып соққан видеосы, әлеуметтік желіге тарап кетті. Жасөспірімдердің кім екені де анықталды. Жұдырық ала жүгірген балалар, тәртібі қиын оқушылардың тізіміне енді.

Оқиға 12-ші сәуір күні Авангард ықшам ауданындағы оқу орындарының бірінің ауласында, кешкі уақытта болған.  4 жасөспірім бір баланы қоршап алып, алдымен сұрақтың астына алады. Кейін бас-көз демей ұрып, тепкілей бастайды. Бұл келеңсіздікті өздері түсіріп алған. Беймезгіл уақытта әлімжеттік жасап жүргендер қаладағы бірнеше мектептің 7 және 8 сынып оқушылары екені анықталды. Мұғалімдері оқушылардың былтырдан бері үйлерінде онлайн оқып жатқанын айтты.

Анар БІЛӘЛОВА, Қ.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ №19 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ:

Видеодағы көрінген балалардан мен оқушымды көріп тұрған жоқпын.  Бірақ та анасының айтуы бойынша, баласының айтуы бойынша, осы видеода осы баланың камерасына түірілген боп тұр. Қыздарына балаларына көрсеткен ғой. Сөйтіп ары қарай тарап кеткен.
 
Майра РАЗИЕВА, №3 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Сабаққа қатысып жүрген. Бұрыннан бір-бірімен байланысқа түспеген. Біреуі орыс сыныбында оқиды, біреуі қазақ сыныбында оқиды. Бүгінгі таңда біз психологтармен жұмыс жасаймыз. Жәбірленуші баламыздың мінезінде ақаулар пайда болып жатыр. Өздеріңізге белгілі бүкіл ғаламторға жарияланғаннан кейін баламыздың жүйкесіне әсер етті, сөздің шынын айтқанда.

Зардап шеккен жеткіншекке психолог маманның көмегі керек,- дейді ұстаздары.  Дегенмен жәбірленушінің анасы бұзақыларды кешіргенін айтыпты. Алайда әлімжеттік жасап, әлеуметтік желіге мақтанышпен таратқан балалар жауапкершіліктен сытылмайды. Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғаған.  

Б. Надірқызы