Русский Сайттың толық нұсқасы

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының іске асырылу барысын қоғамдық кеңестер қадағалайды

  • AstanaTV
  • 16 сәуір 2021
  • 1744

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының іске асырылу барысын арнайы құрылған қоғамдық кеңестер қадағалайды. Экология, ауыл шаруашылығы, экономика, денсаулық, білім саласындағы жұмыстарды белсенділер мен сарапшылар ғана емес, БАҚ өкілдері мен блогерлер бақылайтын болды. Бұл жайында бүгін аймақтарда өткен Саяси кеңес бюроларының отырысында белгілі болды.

Солтүстік Қазақстан облысында 12 аймақтық кеңес құрылды. Тіпті аудандарда да қадағалау институттары бар. Жалпы 800-ден астам адам Сайлауалды бағдарламаның жүзеге асырылу барысын қадағалайды. Аймақта сүт фермаларын, бордақылау алаңдарын, құс фабрикасын, жаңа мектептер мен 2 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған.

Құмар АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Біз ауылдарда 47 амбулатория мен фельдшерлік бөлімдер салуды жоспарлап отырмыз. 5 жылдың ішінде медициналық қондырғыларды жаңартуға 12 млрд теңге жұмсалмақ. Кеңес мүшелері әр елді мекенде атқарылатын жұмыстарды мұқият қадағаласа екен дейміз.

Партияның саяси бюросының отырысында шығыс қазақстандық нұротандықтар аймақ үшін маңызды саяси жобаның құрылысымен таныстырды. Ол - ұзындығы 1,4 шақырым болатын Бұқтырма суқоймасы. Үш шалғай ауданды орталықпен қосады.

Даниал АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Біз ел Президенті Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаев тапсырған Бұқтырма суқоймасының құрылысын бастадық. Бұл облыс халқы ғасырлар бойы күткен тарихи оқиға. Ол Президентіміздің еңбігінің арқасында қолға алынды. Сондықтан жұмысты жалғастыру керек.

Оралда 116 кеңес құрамына 700 – ге жуық адам енген. Партия мүшелері мен депутаттар ғана емес құзыреті бар қоғам белсенділері де енген. Олар денсаулық, білім, экология мәселелеріне көңіл бөлмек.

Мұрат МҰҚАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ БҚО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Осы 12 бағыт бойынша бұл бизнес саласы болсын, әлеуметтік, денсаулық, медициналық сала болсын, әйелдердің, жаңағы мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау мәселелері болсын, осы он екі кеңестің мүшелері осы мәселені ұсыныс ретінде және әрі қарай талқылап, өздерінің пікірлерін ортаға салатын болады.

Таразда өткен Саяси кеңес бюросының отырысында 10 қоғамдық кеңестің құрамы мен төрағалары бекітілді. Ұйым мүшелерінің 39 пайызы әйелдер, 21 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар. Бүгін кеңес құрамы үкіметтік емес ұйым өкілдерімен толықты. Сондай-ақ, отырыста партияның облыстық филиалының 28-ші есеп беру-сайлау конференциясына шақыру мәселелері қаралды.

Бердібек САПАРБАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
 
Республиканың жол картасы 4 бағыт бойынша 362 тараудан тұрады. Біз енді өзіміздің облыстық іс-шараларды бекіттік. Аудандарда жол картасы 7 бағыт бойынша бекітілді. Бұл бағыттарға жауап беретін аудан Тараз қаласының әкімдері. Оған қосымша облыстық мәслихаттағы фракция мүшелеріне жүктелді.

Кеңес жұмысы ашық болмақ. Қоғамдық қабылдауларға түскен азаматтық сауалдарды сараптау арқылы жүргізілмек. Сондай- ақ кеңестер маңызды әлеуметтік сұрақтар мен азаматтық бастамаларды көппен бірге талқылайды.

А. Қуаш, Е. Карин, Б. Жұмабайұлы