Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан азаматтары Стамбул әуежайында қалып қойды

  • AstanaTV
  • 19 сәуір 2021
  • 1767

Қазақстандық отбасы Стамбул әуежайында қалып қойды. Отбасы мүшелері Алматыдан Мәскеуге дейін транзитпен жетпек болған. Алайда түрік әуежайында келеңсіздік орнап, Қазақстанның азаматтығы бар әйелін ұшаққа өткізбей қойыпты. Мұндай ақпаратпен Facebook қолданушысы Юрий Дорохов бөлісті. Оның айтуынша әуежайда тұралап қалған өзге ұлт азаматтары шаш етектен. Мұның себебін әуежай мамандары бортқа тек ресейліктердің құқығы бар екенін алға тартқан. Десе де, керағар пікірлер көп. Себебі, Түркиядағы Ресей елшілігі ешқандай тыйым салу жайлы қаулы шықпағанын жеткізіпті.

Юрий ДОРОХОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Түрік әуе жолдарының кеңсесінде ресейліктерден басқаларға бортқа шығуға тыйым салынғаны айтылды. Ал елшілік бұдан бейхабар. Неліктен Ресейдің сыртқы істер министрлігі бұл жайлы ресми ақпарат бермей отырғаны түсініксіз. Билеттер де қайтарылмайды.

Авиакомпания билеттердің құнын өтеуден бас тартты. Алайда, қайтадан Алматыға ұшу билеттерін тегін беретіндерін жеткізген. Ал Мәскеуге бару үшін отбасына Минск арқылы ұшу ұсынылып отыр. Аталған жағдайға қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлама жасады. Олардың дерегінше ел азаматтары Ресейге тек тікелей рейстермен ғана кіре алады. Мұндай ережелер жыл бойы қолданылмақ.

Ғ.Өтемісов