Русский Сайттың толық нұсқасы

Жұмыссыздық көрсеткіші күмәнді

  • AstanaTV
  • 19 сәуір 2021
  • 1874

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, еліміздегі жұмыссыздық көрсеткіші небәрі -4,9 процент. Осыған қарап, елде жұмыссыздар азайды деуге болады. Бірақ, сарапшылар бұл ақпараттың растығына күмәнмен қарайды. Себебі, қоғамда екі қолға күрек таппай жүргендер әлі көп.

БЛИЦ:

- Иә, карантинде көбісі қысқарып қалды ғой.

- Жұмыс істеймін только үйде отырып.

- Табыс өте аз... Бүгін тапқаным 500 теңге. Жұмыссыз болған соң, амал жоқ, өзін ақтамайтын жерді алып, салық төлеймін.

 
Әйтеуір жұрт аш қалмаудың жолын іздейді. Тұрақты табыс болмаса да күнделікті күнкөріс үшін кез-келген тірлікті  істеуге мәжбүр. бірақ оларды  еңбекпен қамтылған деуге  келмейді, жұмыссыз деп те айта алмайсың.

Марат БАШИМОВ, САЯСАТТАНУШЫ:


Көп кісілерді самозанятыйлардың ішіне кіргізіп жіберіп, олар да жұмыссыз отырған кісі. Сол үшін үлкен сұрақтар қазір бар. Сондай проценттермен ешкім көптеп келісе алмайды. Жұмыссыз жұрген кісілер көп. Мемлекеттен де көмек сұрап жүргендер көп. Содан кейін бізде президент Тоқаевтың «слышащее государство» дегенде біз шындықты осы салада да айтып отыруымыз керек».

Экономист Жұбаевтың да пікірінше, халықтың дені-өзін-өзі жұмыспен қамтушылар. Қазір елімізде 2,5 миллиондай адам өз күнін өзі көріп отыр. Ал ресми ақпаратқа сұйенсек, Қазақстанда жұмысқа қабілетті 9 миллион адам болса, соның 500 мыңға жуығы ғана-табыссыз.

Сапарбай ЖҰБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:

Пандемия кезінде мынандай бір есеп болды.Кім жұмыссыз болған болса, өзінің табысы жоқ болған болса өтініш беріңдер деді ғой. Сол кезде бізде 4,5 миллион адам өтініш берді. Сол кезде статистиканың өзі таңғалды қай жерден шықты бұл 4,5 миллион адам деп. Өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткендерді қостық, жұмыссыздарды қостық. 3 миллион болуы керек еді. Қайдан 1,5 миллион адам шықты дегенде мен ойлаймын жұмыспен қамтылғандар уақытша ип, құрылыстар тоқтап қалды, мейрамханлар тоқтап қалды.  Солар қосылуы мүмкін.

Дүниежүзілік банк биыл елімізде 900-1200-дей адам жұмыссыз қалады деп болжады.  Яғни, бұл- тіркелгені бар, тіркелмегені бар, әлі талай отбасы тағы табыссыз қалады деген сөз.

Л. Қуанышқызы