Сыртқы қарызды игермеген мемлекеттік органдардың басшыларын жауапкершілікке тарту қажет. Бүгін төменгі палата депутаттары осындай бастама көтерді. Мақсат - халықты оңды-солды алынған - қажетсіз қарыздан құтқару. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин: «игере алмасаң, алма» деген ұстаным болуы тиіс дейді. Айта кетейік, бүгінде Қазақстанның сыртқы қарызы 160 миллиард доллардан асады.
Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Не умеет тратить, нечего занимать и будущему поколению за это рассчитываться. Кез-келген нәрсенің сұрауы, есебі болуы керек. Болашақта елге жүктелетін қаржы ғой ол.
Ә. Өмірзақ