Русский Сайттың толық нұсқасы

Бірегей акция басталды

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2021
  • 1552

Елімізде тәуелсіздіктің 30-жылдығына арналған «Ел тірегі-Елбасы» атты шара басталды. Акция аясында қолдауды қажет ететін және көпбалалы отбасыларға материалдық көмек көрсетілді. Карантиннің кесірінен табыстан қағылып, тұрмысы нашарлаған жанұяларға «Халық» қайырымдылық қоры 38 мың азық-түлік себетін таратты. Әр себеттің салмағы- 50 келі. Бұл игілікті шараға өзге қорлар мен кәсіпкерлер де белсене атсалысып жатыр. Қайырымдылық қолын созған азаматтар бірігіп жинаған 1 млрд теңгеге - 1,9 миллион келі азық-түлік алынып, үлестірілді.

Л.  Қуанышқызы