Оралда көлік пен мүлікке төленбеген салық көлемі жарты миллиард теңгеден асқан. Бұл - қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының дерегі. Айтуларынша салықты ұзақ жылдар бойы төлемеген борышкерлер де аз емес. Бүгін олардың бірқатарының үйін салықшылар аралап шықты. Борышкерлер екі қабатты зәулім үйлерде тұрады екен.
Борышкерлер екі қабатты зәулім үйлерде тұрады екен. Салық төлеуден жалтарғандардың көбісі үйінің есігін ашпай, ашқаны ішке кіргізбеуге тырысты. Сондықтан қарызды қайтаруға сот орындаушылары мен учаскелік полиция инспекторлары да жұмылдырылды. Мына борышкердің көлік пен жылжымайтын мүлікке төлемеген салығы 250 мың теңгеге жуық. Сот орындаушысы оның ноутбугын, теледидары мен музыкалық аппаратурасын мөрлеп, қолдануға тыйым салды. Енді борышкер азамат он күннің ішінде салықты төлеуі тиіс. Әйтпесе бұл бұйымдар сатуға қойылады. Пандемия кезінде жұмыссыз қалғанын айтып ақталған үй иесі, берілген уақыт ішінде қарызынан құтылуға уәде берді.
Нұрлан ЖАЙЛЫБАЕВ, ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Салықтарды өндіру барысында жалпы қиыншылықтар: осы мекенжайға барған кезде кісілердің үйінде болмау себебі бар, жұмыста болу себебі бар, есік ашпау себептері болып жатады. Дегенмен де бүгін ашпағанмен, берешек сомасын түбі төлейтін болғандықтан, салық төлеушіге біртіндеп болса да, осы салықтарын өтеулерін сұраймыз.
Е. Карин