Русский Сайттың толық нұсқасы

Бюджеттен 4 млрд теңгені қолды қылған экс-қаржы полицейі мен банктің топ-менеджері сотталды

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2021
  • 2033

Алматыда 4 миллиард теңгеге жуық бюджет қаржысын қолды қылған қылмыстық топ мүшелері сотталды.

Экономикалық тергеу департаментінің дерегінше, топ құрамында бұрынғы қаржы полицейі және банк қызметкерімен бірге 6 адам болған. Олар екі жыл бойы заңсыз компаниялар арқылы мемлекет қаржысын талан-таражға салған.   Топтың бұл әрекеті   былтыр әшкере болып, құрықталған.  Сот үкімімен кінәлілерге тиісті жаза тағайындалды.  

Жақсылық МЫРЗАХАН, АЛМАТЫ қ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған қылмысты жасаған азаматтар соттың үкімімен кінәлі деп танылып, әр түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын. Жалпы Қылмыстық іс шеңберінде тәркіленген мүліктері мемлекеттің меншігіне өндірілді.  

Ә. Лесбек