Русский Сайттың толық нұсқасы

Үндістанда індет жұқтырғандар саны 353 мың адамға жетті

  • AstanaTV
  • 27 сәуір 2021
  • 1958

Үндістанда «короновирустық дауыл»  соғуда.  Премьер-министр Нарендра Моди елдегі жағдайды осылай деп бағалады. Өйткені елде күн сайын індетке шалдыққандар саны артып, қайтыс болғандар  көбейді.  Тіпті мәйіттерді қоятын жер жетпей жатыр.  Жағдайдың күрделілігі сонша,  тұрғындарға тіпті үйде маска кию ұсынылуда. Бірақ бұл вирустың таралуын төмендете ала ма?  Бекболат Сатуовтың шолуы.

Үндістанда вирустың өршіп тұрғанына қарамастан, "Кумбха Мела" мерекесі кеңінен тойлануда. Жұртшылық Ганг өзенін жағалап, моншаға түсіп, алаңсыз жүр. Олар бұл  шара күнәлардан тазартып, өмір мен өлім циклін реттейді деп сенеді. Қажылар бет-перде киген, бірақ арақашықтықты ешкім ескеріп жатқан жоқ.   Үнділерге  діни мереке денсаулықтан да маңызды болып тұр.

Құдай өзінің барлық адал адамдарына қамқор болады.  Әр адам өз-өзіне шынымен қамқорлық жасауы керек, өз тазалығын сақтап, өзінің гигиенасын сақтауы керек, ал Ганг-Ана әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Ал елдегі жағдай өте қиын. Тәулігіне  350 мыннан астам адамнан қауіпті вирус анықталса, үш мыңға жуық науқас   көз жұмған. Ауруханалар лық толы. Ұзын сонар кезек. Оттегі баллондары  тапшы.  Көшелер мәйітханаға айналған.  Әсіресе, ең қолайсыз аймақ - 12 миллионыншы Мумбай орналасқан Махараштра штаты.  Дәрігерлердің айтуынша, ондағы әрбір үшінші тұрғын вирус  жұқтырған.  
 
Винод КУМАР, ҮНДІСТАН ҰЛТТЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ  МҮШЕСІ:
 
Үйде отырып та маска кие бастайтын уақыт келді деп айтар едім.  Біз бұларды көшеде ғана киетін едік, бірақ жұқтырушылар көбейген сайын….  Егер біреу біздің үйге жұқса, онда біз қаласақ та, қаламасақ та маска киюіміз керек.

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы Үндістанға 2600 қызметкерді көмекке  жіберді.  Жағдай ел  шекарасынан шығып кете ме деп қорқып отыр.   

Тедрос ГЕБРЕЙСУС, ДДС ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

ДДҰ жабдықтармен соның ішінде мыңдаған оттегі концентраторлармен, жылжымалы далалық ауруханалармен және зертханалық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін барын салуда.


Вирусологтардың айтуынша, «коронавирустық дауыл» кем дегенде тағы үш апта   болады.  Ауру жұқтырудың нақты көрсеткіші мен  өлім-жітім    ресми мәліметтермен сәйкес келмеуі  мүмкін. Сонымен қатар, елде  үш еселенген мутациямен жаңа белгі анықталды. Оның таралуы тіпті жылдам дейді мамандар.

Б. Сатуов