Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында жоғалып кеткен 5 жастағы қыз бала бұзылған үйден табылды

  • AstanaTV
  • 27 сәуір 2021
  • 3028

Қарағанды облысының Қаражал кентінде жоғалып кеткен 5 жастағы қыз бала, бұзылған үйден табылды. Сол сәтте оның қасында жас шамасы 50-ден асқан бейтаныс ер адам болған. Полицияның хабарлауынша, бүлдіршін кеше кешке ойын алаңынан жоғалған. Анасы, түнгі он жарым шамасында тәртіп сақшыларына арыз түсірген. Бірден полиция, төтенше жағдай, әкімдік өкілдері мен еріктілер жұмыла іздеп, баланы тапты. Бүлдіршінге не болғаны әзір белгісіз. Тәртіп сақшылары тергеу құпиялығына байланысты өзге ақпараттарды жариялаудан бас тартты.

Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:


Қараусыз қалған үйден 50 жастағы азамат ұсталды. Оның қасында жоғалған қыз бала болған. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған азамат уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Ал, Атырау облысында 9 жастағы бала суға кетіп қалды. Оқыс жағдай Жылыой ауданында кеше кешкісін болған. Баланың Құрсай каналының жағасына не үшін барғаны әзір белгісіз. Құтқарушылар хабар түскен бойда іздеу жұмыстарын бастап кеткен. Алайда қараңғы кедергі келтірген соң, түңгі сағат 3-те тоқтатқан. Облыс орталығынан суңгуір жасағы жібереліп, олар таңертең оқушының денесін тапты.

Асхат ЕРЖАНОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Түнгі сағат 3-те тоқтады.  Бүгін таңертең 6:35 те құтқарушы сүңгуірлер суға кеткен баланы іздеуді жалғастырды.  Ал 6:38 де баланың денесі табылды. Мәйітті тергеу жүргу үшін ішкі істер органына табыстадық.

А. Қуаш