Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауруханадан қашқан оралдықтың өлі денесі көшеден табылды

  • AstanaTV
  • 29 сәуір 2021
  • 3443

Коронавирус жұқтырып, ауруханада емделіп жатқан жерінен қашып кеткен оралдық азаматтың өлі денесі бір айдан кейін көшеден табылды. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті марқұмның іздеудегі  Анатолий Максин есімді қала тұрғыны екенін растады. Дәрігерлердің дерегінше, ол облыстық ауруханада  бір апта емделген. Компьютерлік томография жасалғанда өкпесінің 50 пайызы жарамсыз екендігі анықталыпты. Бірақ   65 жастағы азамат, неге екені белгісіз, ауруханадан  қашып кеткен. Оның айналадағыларға ауру жұқтыруы мүмкін екендігін ескерген полиция дереу іздеу жариялайды. Бірақ оған қатысты дерек тек бір  айдан кейін шығып отыр.

Арман БӘЙДЕУОВ, БҚО КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:


Науқас 26-наурызда түсті. Оған вирусқа қарсы дәрілер егілді. Ешқандай қарсылығын білдірмесе де, қашан жазылатынын сұраумен болды. Бірақ 1-сәуір күні өз бетімен стационардан шығып кетті. Күзетшілер оның қалай шығып кеткенін көрмеген, орнында жоқ екенін кешкі процедура кезінде анықтаған. Сосын дереу полицияға хабар бердік.

Кәмшат СЕРІКҚЫЗЫ, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАМАНЫ:


Тексеріс барысында оның Анатолий Максин екені анықталды. Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық, ешқандай жарақат іздері табылған жоқ. Өлімнің неден екенін білу үшін сот-дәрігерлік сараптама тағайындалды.


Е. Карин