Русский Сайттың толық нұсқасы

Шақыртуға асықпайтын жедел-жәрдемнің әрекеті желі қолданушыларының ашуын тудырды

  • AstanaTV
  • 29 сәуір 2021
  • 2460

Бұл - салғырттық па, әлде жауапсыздық па? Маңғыстау облысындағы жедел-жәрдем қызметінің шақыртуға асықпауы, желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Келеңсіздік Мұнайлы ауданында болған. Электр сымдарын жөндемек болған жұмысшы, биіктіктен құлап кеткен. Алғашқы медициналық көмек орталығы, оқиға болған жерден шамамен 1 шақырым қашықтықта отырады. Төтенше жағдайдың куәгері дәрігерлердің шықпағанын байқаған соң, өзі жүгіріп жеткен. Шақырту түскелі 10 минут өтсе де, алғашқы көмекке асыққан жан көрінбейді.  

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, жағдайдан хабардар. Қазір арнайы қызметтік тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқандарын айтты.

Нұрбол ОҚУОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қызметтік тексеру кезінде белгілі болады. Жедел-жәрдем станциясының басшысы немесе, сол күні кезекшілікте болған медицина қызметкерлері жауапкершілікке тартылатындығы. Олардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.  

Ғ.Өтемісов