Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында екі бала терезеден құлап кетті

  • AstanaTV
  • 30 сәуір 2021
  • 2164

Қарағанды облысында бір кеште екі бала терезеден құлап кетті. 3 және 8 жастағы ұл балалардың екеуі де ауыр халде ауруханада жатыр.

Бұл туралы бүгін облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 8 жастағы ұл бала Сәтбаев қаласындағы бес қабатты үйдің терезесінен қарап тұрып құлап кеткен. Ал Балқашта 3 жасар бүлдіршін екінші қабаттың терезесінен құлап, зардап шекті.   Дәрігерлердің айтуынша, екі балаға да ота жасалған, бірақ жағдайлары әлі нашар, екеуі де жан сақтау бөлімінде. Денелеріне көп зақым келген.   Мамандар күн жылынған уақытта жылда  осындай жағдайлардың жиілейтінін айтады. Сондықтан балаларды үйде жалғыз қалдырмауға, арнайы терезе бекіткіштер орнатуға кеңес береді.

А. Қуаш