Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлем чемпионының өліміне қатысты қылмыстық іске үкім шықты

  • AstanaTV
  • 05 мамыр 2021
  • 2122

Атырауда 18 жастағы  әлем чемпионының өліміне қатысты  сот үкімі шықты. Грэпплингтен әлем чемпионы Есенбек  Сиғуатовқа қосауыз мылтықтан оқ атты деп күдікке ілінген Бекет Мазлом  15 жылға сотталды. Ал қылмысты жасырып қалған Бейімбет Дүйсенғалиев  теміртордың арғы жағында 3 жыл жазасын өтейді.   24 және 27 жастағы бұл екі сотталушы да -құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері.

Тыныштық НҰРИМОВА,  АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

 
Сот үкім етті: Мазлом Бекет Қуандықұлы ҚР Қылмыстық Кодексінің 99 бабымен 2 бөлімі 6, 9 тармақтарымен кінәлі деп танылып,  оған ҚК 99 бөлімі 2 бөлімі 6,9 тармақатарымен 15 жыл мерзімге бас бостандығынан  айыру жазасы тағайындалсын. Мазломның жазасын Қылмыстық атқару жүйесінің  қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу белгіленсін.

Сондай-ақ сотталушы  Бекет Мазлом споршының отбасына 10 миллион теңге моралдық шығын  төлейді.   Сот үкіміне екі тараптың   да көңілі  толған жоқ. Чемпионның ата-анасы сот барысында кейбір жайттардың ескертілмегенін айтып, облыстық сотқа шағымданатынын жеткізді.  

Тоқсанбай ОРАЗҒАЛИ, МАРҚҰМНЫҢ ӘКЕСІ:

3 жыл бергеніне түсінбеймін Дүйсенғалиевқа. Ол құрығанда 6 жылға кететін адам ғой. Білмеймін неге жазасын жеңілдеткенін. Мазломға 15 жыл берді. 15 жылдан жоғары беруі керек ол. Қару іске кіргізілмеген.  Қаруды заңсыз сақтағаны үшін. Облыстық сотқа шағымданамыз. Одан нәтиже шықпаса жоғары сотқа дейін шағымданамыз.

 
Естеріңізге салайық,  қанды оқиға былтыр 9 тамызға қараған түні болған. Аманкелді және Құрманғазы ауылдарының бір топ жігіті арадағы кикілжіңді өзара шешу үшін кездескен.  Сол түні мылтықтан бірнеше рет оқ атылып,  салдарынан жас спортшы  қайтыс болған еді.  

Б. Нәдірқызы