Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан мұнай өндірісінен 5 триллион теңге пайда тапты

  • AstanaTV
  • 05 қыркүйек 2017
  • 2730

Қазақстан мұнай өндірісін арттырып, 5 триллион теңге пайда тапты. Бұл туралы Energyprom хабарлады. Биылғы 7 айда 42 миллион тоннадан аса "қара алтын" өндірілген. Бұл өткен жылдан 9,4 пайызға жоғары. Оның 58 пайызы Атырау өңірінде өндірілген. "Теңіз" кен орнында маусымға дейін 14 миллион тоннадан аса мұнай шығарылған. Бұл былтырғыдан 1,9 пайызға көп. Қашағанда шілдеге дейін 4,3 миллион тонна өндіріліпті. 7 айда мұнай баррелінің бағасы 51,7 долларды құрады.