Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы халықты Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2021
  • 2763

Елбасы қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады. Құттықтау хатты Еlbasy.kz жариялады. Тәуелсіздік жылдарында еліміздің қарулы күштері мемлекетіміздің тұрақтылығының, аумақтық тұтастығы мен әскери қауіпсіздігінің кепілі болды делінген хатта. Тұңғыш Президент әркез армияны дамытуға, оның қорғаныс қабілетін арттыруға, әскерилерді жан-жақты қолдауға, баса көңіл бөлінгенін атап өтті. Соның арқасында әскерінің сапында болу рухы мықты адамдардың мәртебелі әрі жауапты міндетіне айналды дейді.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,  ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінде Отан алдындағы борышты өтеу мен адал қызмет ету – абыройлы іс. Әскери форма киген адам жауапкершілігі жоғары, нағыз патриот болып саналады. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойған күннен бастап тиімді қауіпсіздік жүйесін құрғанға дейінгі аралықта еліміз ауқымды жолдан өтті. Бүгінде біздің ең басты құндылығымыз – тәуелсіздігімізді қорғай алатын қуатты да айбынды армиямыз бар. Отан қорғаушыларды және барлық қазақстандықтарды осы мерекемен құттықтаймын! Баршаңызға мықты денсаулық, тыныштық пен бақ-береке тілеймін.