Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайдың коронавирусқа қарсы вакцинасы қаншалықты тиімді?

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2021
  • 2096

Қытайдың коронавирусқа қарсы вакцинасы қаншалықты тиімді? Бүгін елорда емханаларында қытай технологиясымен әзірленген араб вакцинасы салына бастады. Препарат тек 18 жастан асқан ересек адамдарға арналған. Балалар мен жүкті әйелдерге, емізулі аналарға рұқсат етілмейді. Біріккен Араб Әмірліктерінде өндірілген вакцинаны әлемнің 34 елі қабылдады. Екпе салдырғандардың ешқайсысында кері реакция болмаған. Тиімділігі- 79,3 пайыз. "Hayat Vax-ты" салғаннан кейін де басқа екпелер сияқты жағымсыз көріністер күтіледі. Бірақ сақтау ерекшелігі өзгеше.

Ұлдаш ЕРҒАЛИЕВА, "№7 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА" МКК ЕМДЕУ-АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ БАСШЫСЫ:

Сақтау мерзімі бойынша кішкене "Sputnik V-ге" қарағанда өзгешілігі бар. Сақтау температурасы +2 - +8 градус аралығында сақталуы керек. Негізінен екі компонентпен жүргізіледі. Бірінші мен екінші этаптың аралығындағы интервалы 21 күн салынады. Негізінен 1 флаконды 0,5 мл. бір адамға салынады.

Қазақстан бойынша екпе алғандардың саны 1 жарым миллионнан асты. Соның әсері болса керек, Қазақстан "сары" аймаққа өтті. Дегенмен, COVID-19-ға шалдыққандардың қатары әлі сиреген жоқ.  Бір тәулікте 37 адам ауру құрбаны болды.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:

Қазір коронавирус инфекциясынан 43 мыңнан астам адам емделіп жатыр. Ауруханада жатқан 780 науқастың хәлі нашар. Дәрігерлер оның ішінде 195 пациенттің жағдайын "аса ауыр" деп бағалап отыр. 121 адам өкпені жасанды желдету құрылғысымен демалып жатыр.

А. Данияр