Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар түрмесінде жазасын өтеп жатқан блогер қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 11 мамыр 2021
  • 3263

Павлодардағы АП-162/4  қауіпсіздігі барынша жоғары түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан блогер қайтыс болды. Бұл туралы марқұмның  туыстары әлеуметтік желіде жариялады. Ол кәмелетке толмаған 14 жастағы қыз баланы зорлағаны үшін  15 жылға сотталған болатын. Алдын ала болжам бойынша, педофилді сотталушылардың  бірі ұрып өлтірген.   Павлодар облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті мамандарының айтуынша,    екі сотталушының арасында  жанжал  туындап, төбелеске ұласқан, оның соңы  өліммен аяқталған. Қаза тапқан сотталушының  жазасын өтеп жатқанына бар жоғы 3 жарым ай болған.  Ол сот кезінде қылмысын мойындамаған.

Әділет МҰСТАФИНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Зардап шегуші медициналық көмекке, не түрме әкімшілігіне жүгінбеген. Ол алған жарақатынан 9 мамыр күні өз керуетінде жатып, жан тапсырды. Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы жазасын өтеп жатқан адамның қайтыс болғанын растады. Өлімнің себебін анықтау бойынша оқиға орнында жедел тергеу тобы, прокуратура және өзіндік қауіпсіздік қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Ө. Қуанар