Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазандағы қырғын: оқиғадан сабақ алуымыз қажет

  • AstanaTV
  • 12 мамыр 2021
  • 2170

Білім беру нысандары-"аула" сияқты. Бүгін Үкіметке депутаттық сауал жолдаған мәжілісмен Андрей Линник осылай деді. Ол  Қазанда болған мектептегі қайғылы оқиғадан кейін  Қазақстандағы мектептердің де қауіпсіздігіне мән беру керек екенін айтты. Оның айтуынша, орта оқу орындары тіпті қараусыз қалғандай.  Депутат оқушылар қауіпсіздігі мен елдегі қару-жараққа байланысты кейбір заңнамаларға өзгеріс енгізген дұрыс деп есептейді. Тақырыпты әріптесім Бекболат Сатуов тарқатады.

Қазандағы қайғылы жағдай көптің жағасын ұстатты. Небәрі 19 жастағы жеткіншектің жаза басуы,бір сәтте талай тағдырды жайратып салды. Бұл жағдай көпке сабақ болды.   Қызылорда қаласындағы Сералы Лапин атындағы орта мектептің директоры Қуанқызы да білім ошақтарында күзетті күшейту керек дейді.   

Қарлығаш ҚУАНҚЫЗЫ, С.ЛАПИН АТЫНДАҒЫ №261 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Мына қарауылдар қызметін, арнайы мамандандырылған кәдімгі күзет жасақтары бар. Соған берген жөн деп ойлаймын. Себебі ең бір осал тұсымызғой бала деген. Қанша, мысалғы мектепте 2 жарым мың оқушы бар.Осы екі жарымың баланың өміріне осы өмірімізбен жауап береміз.


Депутат "бізге нақты шаралар қажет" деді.Қару-жарақты  заңдастыру мәселесін де қайта қараған жөн. Лицензия беру жасын 18-ден 24 жасқа ауыстыру, қару-жарақ лицензиясын алу кезінде психикалық денсаулық пен есірткіге тәуелділікті тексеру үшін бақылаудың  қатаңдығын және жауапкершілігін арттыруды сұрады. Сондай-ақ, мәжілісмен республикадағы орта оқу орындарындағы күзетті де сынға алды.

Андрей ЛИННИК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «АҚ ЖОЛ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Оқиға көрші Ресей Федерациясында болды. Бұл біздің мектептер мен мектепке дейіНгі мекемелердің қауіпсіздігін күшейтуге еріксіз назар аудартады. Мәселен, бүгінде мемлекеттік органдардың ғимараттарын әскерилендірілген күзеттер қарауылдайды. Ал орта оқу орындарын зейнет жасындағы адамдар қарауда. Тіпті бір қараусыз аула дерсіз.

Еліміздегі білім ошақтары бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген. Оқушылардың қауіпсіздігі назардан тыс қалған емес. Дегенмен алдағы уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тағы қосымша кешенді шаралар қабылданады.  Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.   

Асхат АЙМАҒАНБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

Бұл тек бақылау камералары, өткізу режимі, күзет дабылы, дабыл түймелері ғана емес, сонымен қатар төтенше жағдайлардағы қызметкерлер мен оқушылардың мінез-құлқы мәселесі де аса маңызды. Көп нәрсе нақты және дамыған әрекетке байланысты.

Сондықтан оқушылардың мінез-құлқын түзеуде арнайы психологиялық қызметтерді жетілдіру қажет.

Камила АСЫПҚЫЗЫ, ПСИХОЛОГ:

Балалар бойындағы агрессиясын, артық энергиясын қайда шығарарын білмейді.Қазір қарап отырсаңыздар мынау түрлі автоматты ойындар, интернеттерде,сайтта,  соған былай трансқа кіріп кетуі. Не істеп,не қойғанын білмей, аффектілік жағдайға баруына тікелей әсер етеді.

Бала- ең қымбат қазына.  Олардың қауіпсіздігі үшін бар жағдайды жасау қажет. Және   бұл орайдағы жұмыстар кешенді жүргізілсе ғана нәтиже болады.

Б. Сатуов, М. Тоқтасынқызы