Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысының тұрғындары төрт түлігін жайылымға жетектеп апаруға мәжбүр

  • AstanaTV
  • 12 мамыр 2021
  • 3650

Жамбыл облысы Айша бибі ауылының тұрғындары төрт түлігін өріске өздері жетектеп жайып келуге мәжбүр. Себебі, ауыл маңында мал жайылатын жер қалмаған. Халықтың айтуынша, кәсіпкерлер ауыл шаруашылыққа арналған жерлерді қоршап алған. Мал тұрмақ төбесінен құс ұшырмайды дейді. Есісіне ауыл айналасы қазір тас өндіретін карьер, асфальт шығаратын зауыт, күн электр стансасы секілді нысандарға толып кеткен. Атқа мінерлердің әрекетіне ашуланған тұрғындар бүгін шешеуніктерге талап қойды.

Айша бибі ауылының тұрғындары, жерді оңды-солды таратып берген аудан әкімдігінің әрекетін түсіне алар емес. Ауыл шарушылығындағы жерлерді берерде, ауыл тұрғындарының күн-көрісін қай бастарымен ойлады екен деп таңқалады. Соңғы он жыл ішінде ауыл маңы құдды бір өндіріс алаңына айналған деп отыр. Осының салдарынан мал жайылатын жер тарылған. Тұрғындар ауылға жақын жерге өндіріс нысандарын салуға қалай рұқсат берілгенін білмейді.    

Абубәкір СЕЙІЛХАНОВ, АЙША БИБІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жайылым жоқ, малды шағары алмай отырмыз. Мен мынау әулие көл маңында тұрамын. Жанымызға полигон салып тастады. Подстанция соғып тастады. 300 гектар жер алып солнечный батарей соғайын деп жатыр. Мал жаятын жер жоқ қазір енді. Сомен енді жетектеп жүру керек болды малды.  

Сәкен БАРМАНҚҰЛОВ, АЙША БИБІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

4 шеб завод осы айналдырған 5-6 км жердің несінде отыр. Оның арасында бір асфальт зауыт бар. Арғы жағын часный қолға алып қойды талдың ішінде мал жататын жайылымды түгел қоршап, евро забар дегенмен бетонный плитамен қоршап кәдімгідей часныйға шығарып алды кәсіпкер жігіт. Ол жерге қазір мал емес шымшық ұшып өте алмайды былайша келгенде. Болды жайылым бәрі кетті.  

Шенеуніктермен кездескен тұрғындар, кәсіпкерлерге жалға берілген жерлерді, ауыл округының меншігіне қайтарылсын деп талап қойды. Бұлай жалғаса берсе, төрт түлік ауладан шықпай қалатын түрі бар дейді.

Ерлан ҚЫДЫРӘЛІҰЛЫ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жалпы аудан бойынша 19 мың гектар жер солай анықталды 43 шаруа қожалықтың. Бұлар енді бұрынғы уақытта заң талаптарына сәйкес шаруақожалығын алып шыққан пайыз үлесін алып шыққан адамдарға мал басы өскеніне байланысты қосымша жер ретінде бұрын берілген. Енді сол жерлерді қайтадан мына ауылдық округтың жеріне қайтару мәселесімен жұмыс жасап жатырмыз.

Ауыл жұрты кездесуге жерді алып отырған кәсіпкерлерді де шақырыпты. Алайда олар төбе көрсетпеді. Тек аудан атқамінерлері келіп жиналғандарды сабырға шақырумен болды. Олар жайылым аумағын толықтай болмаса да, басым бөлігін жақын күндері ел игілігіне қайтарамыз деп уәде етті.

Б. Жұмабайұлы