Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысына 50 миллион түп ағаш отырғызылады

  • AstanaTV
  • 14 мамыр 2021
  • 2160

Қарағанды облысына алдағы 5 жылда 50 миллион түп ағаш отырғызылады. Жергілікті экологтар мен орманшылар Қарағанды, Теміртау, Шахтинск қалаларының маңында жаңа «жасыл белдеуді» құруға әлден-ақ кірісіп кеткен. Мамандардың есебі бойынша, Орталық Қазақстанның күрделі топырағына қарамастан үйеңкі, қарағаш секілді жапырақты ағаштар бейімделіп кетуі тиіс.

Орманшы Қайрат Нұржановтың көктем келе жұмысы қызған. Айтуынша қазір әр минут қымбат. Күн жылынып, топырақ ылғалды кезде үйеңкі көшеттерін отырғызып үлгермекші. Болашақта осы ағаштар Теміртаудың ауасын тазартады, - деген үміт бар. Орманшының айтуынша, сазды топырақ үшін ең қолайлысы – үйеңкі. Арнайы тәсіл суғару проблемасында шешпек.   

Қайрат НҰРЖАНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЛААРАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕТЕКШІСІ:

Қазақстандағы су проблемасын ескерсек, мынадай аумақты суару мүмкін емес. Сондықтан біз топырақты жыртып өңдейміз. Желдің бағытына перпендикуляр қылып ағаштарды отырғызамыз, сонда ол қарды ұстап қалады.

Аймақтағы экологиялық ахуалдың жақсаруын әсіресе Теміртау қаласының тұрғындары асыға күтіп жүр.Қыста қара қардан, жазда ақ шаңнан шаршаған. Қаланы жыл-12 ай тонналап күйе мен күкірт басады. Мұнда «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына тиесілі металлургия зауытының да үлесі бар.

БЛИЦ:
 
- Черный снег, пыль постоянно
- Ауаға тарайтын өндірістік қалдықтарды, күнде терезенің алдынан көремін. Қара түтін, үнемі болады.  


Қоршаған ортаны қорғаудың маңызын, елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевта үнемі ескертіп келеді. Бүгінде жаңа технологиялар мен жасыл экономикаға басымдық берілген.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Экологиялық ахуалды жақсарту жұмыстарын күшейту керек. Оның ішінде ауаға тарайтын зиянды қалдықтардан арылу, топырақ, жер, ауаны тазарту, экологиялық мониторинг жүйесін дамыту. Мұның барлығы ашық, айқын болуы тиіс.

Бүгінгі күні аймақта көгалдандыру жұмысының ауқымы зор. 2025 жылға дейін 50 миллион түп ағаш отырғызу жоспарланған. (2014 жыл) Қала айналасына «Жасыл белдеу» құру идеясын 1997 жылы Елбасы көтерген болатын. Бастама елорда басталып, жүз мың гектар жерге отырғызылған ағаштар, бүгінде нағыз орманға айналды. Бұл бастама енді Орталық Қазақстанда қолға алына бастады.  

А. Қуаш