Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Мальдив аралдарына әуе қатынасын тоқтатады

  • AstanaTV
  • 17 мамыр 2021
  • 1681

Қазақстан Мальдив аралдарына  әуе қатынасын тоқтатады. Аралда коронавирус індетін жұқтырғандардың көбеюіне байланысты  Үкімет осындай шешім қабылдады. Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы бүгіннен бастап күшіне енді. Жоспар бойынша,  рейстер 31 мамырға дейін болмайды. Ал қазір Мальдив аралдарында жүрген отандастырымызды елге қайтару үшін  арнайы рейс ұйымдастырылады. Олар міндетті түрде  14 күн  карантинге жатқызылады. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармалары 2 апта ішінде  аралға  барып келгендерді медициналық бақылауға алуы тиіс.  Ал жолдан қалған  жолаушылар  әуе компаниясына жолығуы керек.  

ӘУЕ КОМПАНИЯСЫ:


Күші жойылған рейстердің жолаушылары авиабилетті сатып алған жері бойынша билет құнын толық қайтарып ала алады. Қазан айына дейінгі мерзімдегі билеттерді тегін қайта броньдауға болады. Қосымша ақпарат алу үшін билетті сатып алу орнына немесе ақпарат орталығына хабарласу керек.

Енді, елдегі ахуалға тоқталсақ,  1 -ақпаннан бері елімізде 1 миллион 800 мыңнан астам адам  екпе салғызған.  Кейбір  өңірлерде отандық вакцина таусылып жатыр. Сондықтан  ол аймақтарға екпенің кезекті партиясы  таратылады.

А. Данияр