Русский Сайттың толық нұсқасы

ІІМ қару мен оқ-дәрілерді сатудың заңдылығын тексеруге кірісті

  • AstanaTV
  • 17 мамыр 2021
  • 1704

Ішкі істер министрлігі қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сатудың заңдылығын тексеруді бастады, дейді ведомствоның ресми  өкілі Нұрділдә Ораз. Оның айтуынша, жаппай мониторинг жүргізуге Татарстан мектебіндегі қайғылы жағдай себеп болған. Енді мұндай тексерулер тұрақты түрде жүргізіледі.

Бірнеше жыл бұрын   әскерилердің өзі қоймадан қару алып шығып, бірнеше рет террорлық әрекет жасап, жұртты дүрліктірді.   Оған Ақтөбедегі қанды қақтығысты  қосыңыз. Енді ес жидық,-дегеніміз сол еді Татарстандағы жағдай жаға ұстатты.  Осыған байланысты енді еліміздегі қару сататын дүкендер түгел тексеріледі.

Нұрділдә ОРАЗ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бүгін басталған "қару" жедел алдын алу іс-шарасы аясында қару мен оқ - дәрілерді сатудың заңдылығына тексеру жүргізіледі. Сондай-ақ, оларды қару дүкендерінде, сондай-ақ атыс қаруының иелері болып табылатын заңды және жеке тұлғаларда қауіпсіз сақтау бойынша барлық түсіндірме жұмыстары жүргізілмек.  

Арнайы дүкендер лицензиясыз ешкімге қару сатпаймыз дейді, ал құқыққорғаушылар қару сатып алу талаптарының қиын екенін айтады.  Денсаулық туралы анықтама, аңшы құқығы бар құжат пен қару қолдану үшін арнайы рұқсат қағаз керек. Соған қарамастан, суық қаруды астыртын иемденетіндер бар. Ондайларға арнайы жаза қарастырылған.

Әсет ЖҮНІСБЕКОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ПД АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Қару сатып алу талаптары бұзылған жағдайда қылмыс деңгейіне қарай әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Департамент өкілдері барынша жиі рейдке шығып тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады. Соңғы уақытта бұл санатта құқықбұзушылық едәуір азайған.

Сақтықта қорлық жоқ.  Енді мектептерге де пышақ, кастет, соған ұқсас заттар, пиротехникалық құралдар мен газ баллондарын алып кіруге қатаң тыйым салынады.

Ғ.Өтемісов