Русский Сайттың толық нұсқасы

Израиль мен Палестина арасындағы соғыста 200-ден астам адам қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 17 мамыр 2021
  • 1872

Газа секторындағы Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыстан 200-ден астам адам қайтыс болды. Бомбалаудың салдарынан біршама ғимараттың күлі көкке ұшты. Әуе шабуылдары аймақтағы 15 шақырымдық туннельді қиратты. Екі ел қарулы қақтығысты тоқтату туралы келісімге келе алар емес. Асылбек Даниярдың шолуы.

Израиль зымырандары тұрғын үйлерден бөлек маңызды ғимараттарды да тас-талқан етіп жатыр. Палестинаның тұрмыстық зат өндіретін фабрикасына да бомба түсті. 1 жұмысшы қаза тапты.  Сондай-ақ, Израильдің зымырандары жерасты туннельдеріне үлкен зақым келтірген. Газа секторының тұрғындары үшін бұл ауасыз өмір секілді.  Өйткені, тұрғындар азық-түлік, дәрі-дәрмек және қажетті тауарларын осы туннель арқылы тасымалдап отырған.

Адлы АЛКОЛАК, ГАЗА СЕКТОРЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Израиль ұшақтары бүкіл көше мен ғимараттарға оқ жаудырып, инфрақұрылымға шабуыл жасады. Олардың мақсаты - экономиканы құлдырату. Қазір таза су жоқ, кәріз жүйесі жұмыс істемейді, жолдар ойылған. Жедел жәрдем көлігі зардап шеккендерге бара алмай жатыр.

Зухаир АЛБАРКУНИ, ГАЗА СЕКТОРЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Әуе шабуылдары кеше кештен бастап жалғасып жатыр. Түнгі сағат жарымда олар үйлер мен жолдарды бомбалады.

Газа секторындағы жауынгерлер де қалысар емес. Түнде олар Израильге 60-қа жуық зымыран ұшырған. Әуе шабуылының жойқын дауысы тек астанаға ғана емес, басқа қалаларда да естілді. Снарядтардың көпшілігін әуе қорғаныс жүйесі ұстап қалған. Десе де зардап шеккендер жетерлік. Он адам қайтыс болды, оның екеуі бала.

Қарулы қақтығыстың шиеленісуі БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде талқыланды. Бір-біріне тағылған айыптаулардан кейін Бас хатшы Антонио Гуттериш тараптарды соғысты тоқтатуға шақырды.

Антонио ГУТТЕРИШ, БҰҰ БАС ХАТШЫСЫ:

Бұл негізсіз қан төгу, соғыс тез арада аяқталуы керек. Барлық тараптар халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары жөніндегі халықаралық заңдарды құрметтеуі керек. Қасиетті орындардағы Кво-статусы сақталуы шарт.

Бірақ екі тарап та келісімге келуге ниет танытып отырған жоқ. Израильдік БАҚ палестина дүкендерінде әлі мыңдаған зымыран бар деп жазып жатыр. Демек, қарулы қақтығыстың қашан аяқталатынын болжау қиын.

А. Данияр