Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтар коммуналдық қызметке 15 миллиард теңге қарыз

  • AstanaTV
  • 18 мамыр 2021
  • 1487

Қазақстандықтардың коммуналдық қызметке қарызы 15 миллиард теңгеден асыпты. Борышкерлердің дені Шымкент, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан екен. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов, бүгін Үкімет отырысында айтты. Оның айтуынша, халықтың қарызы былтырғымен салыстырғанда 600 млн теңгеге көп. Мысалы, шымкенттіктердің берешегі 3 млрд теңге болса, олардан елордалықтар да қалысар емес. Бас қаланың қарызы - 2,9 млрд теңге. Алматы – 2,5 миллиард теңге, ал Қызылорда 1,2 миллиард теңге берешек. Коммуналдық қызметке қарызы аз делінген Маңғыстау облысының өзі 1 млрд теңгесін әлі төлемепті. Энергетика министрлігі қордаланған қарыз, жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізуге кесірін тигізіп отыр дейді.

Е. Карин