Русский Сайттың толық нұсқасы

Тобыл өңірінде бруцеллез анықталған сиырлар табында жүр

  • AstanaTV
  • 19 мамыр 2021
  • 1692

Тобыл өңіріндегі Сатай ауылында  бруцеллез ошағы анықталды. Алайда елді-мекен тұрғындары зертханалық сараптама қорытындысына күмән келтіреді. Себебі, алғашында ауру делінген малдан   екінші мәрте қайта қан алып, тексергенде  бруцеллез анықталмаған. Ал кейбіреулердің малын тіпті сынама алмай-ақ , сараптама оң нәтиже көрсетті деп, дертті қылған. Бұл тек қана төрт түлікті күнкөріс көзі еткен ауылдағы ағайынға оңай болмай тұр. Олар ветеринардан қателік кетуі мүмкін деп күдіктенеді.

Қуантай РАХМАНОВ, САТАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 
Басқа малдың қанын алып.Енді бірдеңе  қылған ғой.Базада болмады дейді.Біз жаза салдық дейді сіздердің малға. Енді мен айттым бір қағаз беріңдер ауру ма ауру емес пе деп.Біз оған қағаз бермейміз деді.


Бірақ, облыстық ветеринария басқармасындағылар тексеру нәтижесінің дұрыстығына күмән келтірмейді. Тек ауылдағы жас маман алғашында жануарлардың сәйкестендіру нөмірін шатастырып,  ауру мен сауды ауыстырып  жіберген.  Сондықтан  ауру анықталған  24 сиырдың  9-ы ғана етке өткізілген. Қалғаны табында жүр.  

Бауыржан БЕКЕТ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Әрине  біз түсінеміз ауылдық жерде тұрған соң малмен күн көріс ғой.Малдан айрылғысы келмейді. Бағынбаған жағдайда аумақтық инспекция әкімшілік айыппұлдар салады.Енді тіпті біздің айтқанымызға  көнбесе, түсіндіру жұмыстарын түсінбей  айыппұлға көнбесе баратын жерлері сот.


З. Санай