Русский Сайттың толық нұсқасы

Атыраулық бір топ кәсіпкер «шенеуніктер кәсібімізге кедергі келтіруде» деп шағымданды

  • AstanaTV
  • 19 мамыр 2021
  • 1935

Атыраулық бір топ кәсіпкер «шенеуніктер бизнесімізге кедергі келтіріп отыр» деп шағымданды. Айтуларынша, жергілікті әкімдік бірнеше жылдан бері балалар ойындарын ұйымдастыруға тұрақты жер бөлмей, құрғақ уәдемен уақыт созып келеді. "Адамдар шоғырланған алаңдар мен саябақтардан қуып, тіпті ойыншықтарымызды тартып алған кездері де болды",- дейді олар.  Ал биліктің бұған жауабы қандай? Мәселе неге шешімін таппай отыр?  Тараптарды тыңдаған Базаргүл Нәдірқызының бейнематериалы.   

Бұл - велосипед, балалар машиналары, гидроскутерлер мен батут иелерінің жанайқайы.  Олар балаларға арналған ойын құралдарын жалға беріп,  нәпақа тауып жүр.  Арасында  бұл тірлікпен  20 жылдан бері айналысып жүргендер бар.  Отбасын асыраудың жалғыз жолы осы болғандықтан, бұл жандардың  жергілікті атқамінерлерге өкпесі қара қазандай.

Күләнда СИСЕНБАЕВА, КӘСІПКЕР:

3-4 машинам бар. Сонымен  істемегендер жоқ милициялардың. Ақ үйдің алдына шығып, ақ үйдің алдынан желкемнен  түйіп машинаға салып алып кеткен. 3 ай біздің сезонный жұмысымыз. 4  сағатқа берсе жарайды сол. 7ден бастап, 11ге дейін берсе. Бізге жарайды.  Біз басқа ештеңе сұрамаймыз.


Нұржамал ӨТЕУЛИЕВА, КӘСІПКЕР:


«Керемет» паркінен бізге орын берді қара жерден. Ол жер бардық, тазаладық. Трактор жалдадық. Одан кейін ол жер шымкенттіктерге «керемет» паркі деп ашылып, сатып кетті.  Ашпыз, жалаңашпыз. Кредит деген банктер  бой бермей жатыр.  Біз жасадық. Соған сеніп несие алдық.

Қашып-пысып жүруден шаршаған кәсіпкерлердің   қала әкімінен тұрақты жер бөлуді сұрағанына бірнеше жыл болған. Алайда   ешкім құлақ аспады дейді.   Ал әкімдік өкілі қала аумағында 8 орын арнайы белгіленгенін,  оған орналасу үшін  кәсіпкерлердің конкурсқа қатысуы керек екенін айтады.  
 
Ерболат ОМАРОВ,  АТЫРАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жер белгіленіп, келесі апта конкурсқа шығады. Бұл конкурстың нәтижесі процедуралары бар. Кәсіпкердің құжаттары сертификаттары дайын болса, өздеріне байланысты.  Бүгін тапсыратын болса, бүгін келісім шартқа отырамыз.
КСМ: Кәсіпкерлер бұған келіскісі келмейді. Конкурс өткізіп жүргенде, маусымдық жұмысымыз аяқталады деп ренжиді.


Арман ЖҰМАШЕВ, КӘСІПКЕР:

Аукционды ай жарымдай күтесіздер,- дейді. Аукцион болғанша маусым бітіп кетеді ғой. Бізде сезонный. Бізге заңдастырып жер берсе екен дейміз. Аренда төлеуге келісеміз. Санитарлық нормаларды сақтауға да келісеміз.
КСМ:  Бірақ, қала әкімінің орынбасары "бұл  мүмкін емес" дейді. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты уақытша жер  бөлінбейді.


Б. Нәдірқызы