Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауған соғысы мен Чернобыль апатының ардагерлері биліктен көмек сұрады

  • AstanaTV
  • 20 мамыр 2021
  • 3381

"Тиісті құрмет көрсетілсін!" Алматыда Ауған соғысы мен Чернобыль апатының ардагерлері үкіметке осылай деп талап қойды.Оқ пен оттың ортасынан оралғандар мемлекет беретін 18 мың теңгеге күн көре алмаймыз дейді. Сондықтан   өздерін «Ұлы Отан соғысы ардагерлері» мәртебесімен теңестіруін сұрайды.

Серікбай  ЖҮСІПОВ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ  АРДАГЕРІ:
 
Ауған соғысы ардагерлеріне 18 мың теңге бөлінеді. Бұл кімнің қай жыртығын жамауға жетеді. Өзі ауру-сырқау боп Ауғанстаннан зардап шегіп келген адамдарға бұл жетпейді.

Ауған соғысына қатысқандар  бұл мәселені талай рет көтерді. Талап-арыздарының арасында баспана мәселесі де бар.  Алматының өзінде 500-ден астам ардагер тұрғын үй кезегінде тұр.

Әли ДАБЫЛБЕКОВ, «АБЫРОЙ» АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Тоқсан бес, тоқсан сегіз пайыз біздің Ауған мен Чернобыль ардагерлері денсаулыққа байланысты жұмыс істей алмайды. Сондықтанда бізге мемлекеттен көмек керек. Емханалар бізге дәрі-дәрмектерді тегін беру керек. Президентке, Үкімет, Мәжіліс, Сенат, Нұр Отан партиясына хат дайындап қойдық.

Ә. Лесбек