Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында сел жүріп, алты ауыл су астында қалды

  • AstanaTV
  • 21 мамыр 2021
  • 4227

Жамбыл облысында нөсер жауыннан сел жүріп, алты ауыл су астында қалды. Таудан аққан судың ағысы қатты болғаны соншалық,  малды да ағызып әкеткен.  Тасқыннан тас жолдар мен көпірлер қирап, 11 үйге зақым келді.

Тұрғындар құтқарушылар түн ортасында келіп, түк бітірмей кетті деп ашулы.   Бұршақ аралас нөсер  жауын кешкі жетілер шамасында басталып, арты ағысы қатты селге айналған. Екі кештің ортасында ауыл тұрғындары   әбігерге түскен.

БЛИЦ:

- Міне бүгін өзіміз қолымызбенен көпірді қайта жауып жатырмыз. Жүре алмай қалдық. МЧС тен адамдар келді олар да көрді. Түңгі 11 де келгенінен не пайда бізге. Ешқандай жәрдем болмаса, көрмесек. Ең болмаса трактор әкеліп мынаны қазып берсе. Келді көрді машинамен кетеді болды. Ештеңе ешқандай көпек жоқ. техника жоқ дейді.
- Мына жақта бірталай мал суға ағыпты. Жоғары жақта. Құмарықта. Майда малдар. Осы бәле жылда болады негізі. Осыған бір амал бола ма, болмай ма?  


Тұрғындар мұндай табиғи апаттар жылда қайталанса да жергілікті билік қол қусырып отырады деп күйінеді.  Қазір де тұрғындар өздері қызыл су астында қалған қора-қопсы, ауласын тазартып жатыр. Әзірге табиғи апат салдарынан келген шығын көлемі белгісіз.

Гүлнар ЖАМАНТАЕВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:


Жалпы 11 тұрғын үйді су басу оқиғасы орын алды. Судың жалпы деңгейі оннан отыз сантиметр болды. Ауладағы сулар арық жүйелері арқылы ағып кетті. Бұдан бөлек жауын салдарынан Өрнек ауылдық округіне қарасты көпірге зақым келді.Қазіргі таңда жүк көліктеріне жүруге тиым салынды.

Б. Жұмабайұлы