Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтті

  • AstanaTV
  • 21 мамыр 2021
  • 1520

Бүгін Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтті. Оған мүше мемлекет басшылары мен екі бақылаушы ел президенті онлайн режимде қатысты. Жиында одақтың жеткен жетістіктерінің бөлек, проблемалар да талқыланды. Жұмыс жүйеленбесе, азық-түлік тапшылығы болуы мүмкін. ӘЛішер Өмірзақ жалғастырады.  

Алғашқылардың бірі болып сөз алған кеңестің құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мүше мемлекет басшыларына ыстық лебізін білдіріп, сағынғанын жеткізді.

Сағынғандар көп,бірақ реніш те жоқ емес.  Ол туралы сәл кейінірек. Ал қазір одақтың    5 жылдағы жетістігіне тоқталайық.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, ЖЕЭК ҚҰРМЕТТІ ТӨРАҒАСЫ:

Соңғы бес жылда елдеріміздің өзара саудасы 21 пайызға өсіп, 2020 жылы 55 млрд долларға жетті. Бұл - дағдарыс жағдайындағы көрсеткіш. Әйтпесе біз одан да үлкен жетістіктерге жете аламыз.

Сенім бар, енді жүйелі жұмысты күшейту керек. Кеңеске мүше мемлекет басшыларының ортақ идеясы - осы.     Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік инфрақұрылымға баса назар аударуды, аграрлық және азық-түлік нарығын құруды ұсынды. Себебі   соңғы үш жылда азық-түлік бағасы шарықтау шегіне жетті, ал 7 жылдан кейін сұраныс 35 пайызға артады.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:


Бұл алаңдатарлық тенденция. Біздің елдеріміздің әрқайсысы азық-түлік тауарлары өндірісінің көлемін арттыруға қажетті әлеуетке ие. Дегенмен, ішкі нарықты қорғау жөніндегі шектеу іс-шаралары агроөнеркәсіп кешенінің дамуын тежеп, азық-түлік тапшылығына алып келуі мүмкін.

Эпидахуалға байланысты онлайн режимде өткен отырысқа кеңеске мүше 5 мемлекеттің басшысы мен бақылаушы екі ел Президенттері қатысты. Міне, олардың арасында   онлайннан шаршап, офлайнды сағынғандар бар.  

Александр ЛУКАШЕНКО, БЕЛАРУСЬ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазақстан бұрын қонақжай еді, қонаққа шақыратын. Ал қазір неге екені белгісіз жабылып қалды. Вакцина жақсы, халыққа екпе салдыру қарқынды жүріп жатыр деп айтамыз. Ол рас. Бірақ неге кездесе алмай жүрміз.


Қасым-Жомарт Тоқаев бас қоспаудың себебі –сіз бен біздің қауіпсіздігіміз үшін деп қысқа әрі нақты жауап берді. Алдағы уақытта эпидахуал жақсарса   одақ кеңістігінде азаматтардың еркін жүріп-тұру мүмкіндігі тууы мүмкін, Еуро одақтағыдай.  

Ә. Өмірзақ