Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Қарама-қарсы келе жатқан екі көлік соқтығысып, салдарынан 27 жастағы азамат көз жұмды.
Оқиға Іле ауданындағы Комсомол ауылының маңында болған. «Тойота-Хайлюкс» көлігінің 18 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Сөйтіп, өз жолымен келе жатқан «Дэу Нексия» көлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан Нексиада отырған жолаушы жігіт сол жерде ажал құшты. Полиция жол апатына қатысты тергеуді бастады. «Тойота» көлігін тізгіндеген 18 жастағы жігіттің ішімдік ішкені анықталды.
Ақбота ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Белгілі болғандай, Тойота көлігінің жүргізушісі көлікті масаң күйде басқарған. Аталған факт сотқа дейінгі біріңғай тізілімге тіркеліп, ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-1, 3-ші бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ә. Лесбек