Русский Сайттың толық нұсқасы

Нирагонго жанартауының атқылауына байланысты 5 мыңға жуық адам көрші Руандаға бас сауғалауда

  • AstanaTV
  • 24 мамыр 2021
  • 1477

Конго Демократиялық Республикасында Нирагонго жанартауы атқылап, адамдар  алды-арттарына қарамай қашып жатыр. Шамамен 5 мың адам көрші Руандаға қоныс аударуға мәжбүр.   Гома қаласының қазіргі көрінісі  осындай. Үйлер мен учаскелер күлге айналған. Адамдар бірнәрсе болса да  өрттен аман алып қалуға тырысып бағуда. Олар биліктің эвакуацияны кеш бастағанына наразы. Тұрғындар шенеуніктердің бұйрығын күтпестен көшуге қам жасаған.  Ресми түрде қаза тапқандар туралы ақпарат жарияланбаса да, жергілікті тұрғындар зардап шеккендер бар дейді.

Эрнестина КАБУО, ГОМА ТҰРҒЫНЫ:

Менің күйеуім кәрі болғандықтан жолға шыға алмады, оған қоса ауырады, жүре алмайды. Ол менен жалғыз кетуімді өтінді. Мен қайтып барып оны шығарып алуға тырыстым, бірақ мүмкін болмады. Мен кетуге мәжбүр болдым, ал ол үйде қалды. Не істерімді білмеймін. Осы күнге қарғыс айтамын.

Нирагонгоның атқылауы 22 мамыр күні кешке басталған. Бұл жанартау жылдамдығы сағатына 96 шақырымға жететін ағынды лавамен танымал. Соңғы рет жанартау 2002 жылы атқылаған, бұл кезде оның жалыны  Гоманың бүкіл шығыс бөлігін, соның ішінде жергілікті әуежайды да алып кеткен. Сол кезде 250 адам қаза тапқан болатын.