Русский Сайттың толық нұсқасы

Баянауыл ауданында жұмысшылар 8 айдан бері жалақы алмаған

  • AstanaTV
  • 24 мамыр 2021
  • 2740

Павлодар облысы Баянауыл ауданында су тарату мекемесінің жұмысшылары 8 айдан бері жалақы алмаған.  Сондықтан олар суды тоқтатамыз дейді.   Ал мекеме басшылығы мен әкімдік мәселені шешуге тырысып жатқанын айтады. Тараптарды әріптесім Өзгеріс Қуанар тыңдап келді.

Керемет Қабдолла - Баянауыл орталық су құбырының операторы.   2 жарым  жылдан бері осында жұмыс істейді. Бірақ ол соңғы 8 айдың жалақысын ала алмай жүр.  Алашағы- 600 мыңға жуықтаған.  
 
Керемет ҚАБДОЛЛА, ЖҰМЫСШЫ:

Осы мекеме жетекшісі қалтасынан аванс ретінде береді. 2-3 айда, 3-4 айда бір и то ол 30-40 мың. Осыдан басқа жұмыс жоқ. Несиеміз бар төлейтін.

Мекемеде -15 жұмысшы бар.  Олардың негізгі қызметі – орталық су құбырының жұмысын бақылау.  Міндетімізді мүлтіксіз атқарсақ та, еңбегіміздің ақысын төлемей отыр деп олар ашуланады.

Ахметжан БІЛӘЛОВ, ЖҰМЫСШЫ:

Міне, 7 ай болды осында жұмыс істейтін кісілер еңбек ала алмай жатыр.  430 мың қарыз міне осыған дейін бір тиын төлеген жоқ. Мен осында охрана істеп жатырмын.


Шыдамы таусылған жұмысшылар ауылға су беруді тоқтатып тастаймыз дейді.  Ал су тоқтаса, халық қиналады.

Әбдіхамит СҰҢҚАРБЕКОВ, БАЯНАУЫЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Су құбыры келмей тұрған кезде суды водовозбен алғызатынбыз. 1200-1300 теңгеден. Енді ол бір ай тұрып қалса, үйде болмай қалсақ кішкене иістеніп кететіндей жағдай болатын. Жақсы нәрсеге үйреніп қалдық. Олар болмаса енді бізге де қиын болады. Енді солардың жалақысын шешсе. Қай ұжымға барып ақша төлегіміз келеді, бірақ қайда төлейтінің білмейміз.  

Су траратушы мекеме басшысының жалақының уақытылы берілмеуіне қатысты  айтар уәжі бар. Айтуынша, бұған жергілікті биліктің қағазбастылыққа салынып, тариф құжатын бекітпеуі себеп. Соның кесірінен жұмысшыларға ақша төлей алмай отырмын дейді.  

Ерлан БОЛДЫРҒАНОВ, СУ ТАРАТУШЫ МЕКЕМЕ БАСШЫСЫ:

Әкімияттың айтуынша 84 теңгеден біз жинамақшы болдық. Бірақ оны есептеген кезде 280 мың теңге, 3 кісінің ғана еңбекақысы шығатын болғандықтан біз отказ бердік. Бір жағынан ол заңға қайшы келетін болды. Артынан бәрібір үкіметтің ақшасын прокуратура тексеретін болғандықтан, біз оны қолданған жоқпыз. Ол ұсынысты қабылдаған жоқпыз.  

Ал аудан әкімі мәселені барынша шешуге тырысып жатырмыз дейді.

Қанат КӘРІМОВ, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:


Біз айтамыз сіздер ескі тарифпен жұмыс жасай беріндер. Біраз жиналады. Олда кәде ғой. Сондықтан енді өздерінікі. Біз қолдан келгенді көмектесеміз. Бірақ жұмыстары көп.

Баянауылдағы үйлердің 80 пайызға жуығы орталық су жүйесіне қосылған. Осы материалды әзірлеу барысында аудан тұрғындары тариф бағасын бекіту бойынша қоғамдық тыңдау өткенін хабарлады. Ал судың құны 1 аптадан соң белгілі болмақ.

Ө. Қуанар