Русский Сайттың толық нұсқасы

СҚО-да қоныс аударушыларға арналып салынған тұрғын үйлердің сапасы сын көтермейді

  • AstanaTV
  • 24 мамыр 2021
  • 1130

Қоныс аударушыларға арнап салынған үйлердің сапасы сын көтермейді. Солтүстікке көшіп барған азаматтардан осындай шағым көп түседі. Тұрғындар Президент әкімшілігіне  хат жолдап, коммуналдық қызметтен бастап, баспананың сапасыз салынғанына наразылықтарын білдірген.  Арыз-шағымды ескерген мемлекет басшысы облыс әкімшілігіне тұрғын үйлерді тексеруді тапсырды. Соның негізінде шара қолданылады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Берік УӘЛИ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Мемлекет басшысы "Казахстанская правда" газетінде 24 мамыр күні жарияланған "Заложники равнодушия" атты мақалада айтылған мәселеге назар аударды. Президент Әкімшілігіне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қоныс аударған азаматтарға арналып салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы тапсырма берілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін солтүстікке мемлекеттік бағдарлама арқылы көшкен отбасы қақаған қыста  дәретханада түнеуге мәжбүр болғанын айтқан болатын.  Себебі, әкімдік салып берген үйде жылу жоқ.  Амалсыздан, өлместің күнін кешкен тұрғындар осылай етуге мәжбүр болған.

Ғ.Өтемісов