Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында 11 жастағы бала көпқабатты үйдің төбесінен құлап кетіп, көз жұмды

  • AstanaTV
  • 25 мамыр 2021
  • 1850

Алматы облысында 11 жастағы бала көпқабатты үйдің төбесінен құлап, көз жұмды. Куәгерлердің айтуынша, ол  құрылысы толық аяқталмаған кешеннің шатырында ойнап жүріп,   екі ғимараттың арасындағы саңылаудан құлап кеткен.  Толығырақ Әсем Лесбек айтады.

Қайғылы оқиға Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы тұрғын үй кешенінде болған. 11 жастағы мектеп оқушысы үйдің 9-шы қабатында ойнап жүріп, абайсызда төменге құлаған. Жергілікті тұрғындар бұған шатырдың есігін ашық қалдырған құрылысшылар мен әкімдікті кінәләйді.

Мәрияхан АЙТҚҰЛОВА, КЕШЕН ТҰРҒЫНЫ:
 
Акиматқа да хат жазды қызым, Ризванға жазды люкты жабыңыздар бірдеңе болғанын күтіп жүрсіздер ма деп. Жауапсыздық әрине өйткені білмеді емес олар біліп отыр, люктің ашық екенін. Мына жерге балалар жиі шығады үлкендерде шығып жатады.


Тұрғын үй кешенінде әлі   құрылыс жұмыстары жүріп жатқанына қарамастан, кейбір пәтерлер тұрғындарға пайдалануға берілген. Сондықтан жұрт балаларын сыртқа қараусыз жіберуге қорқатынын айтады.

Арнұр ҚАЗАҚОВ, КЕШЕН ТҰРҒЫНЫ:

Менің ұлым қаза болған баланың досы болған, бірге ойнайтын. Қайта құдайға шүкір балам қазір ауылда. Әйтпесе кеше ол да осында болушы еді. Дені дұрыс адам, шатырға шығатын есікке құлып қоюы керек қой. Ал бізде ол жайбарақат ашық тұра берді. Биліктегілерге талай айттық.

Төтенше жағдайлар департаменті баланың шатырда екі үй арасындағы саңылаудан құлағанын анықтаған. Тұрғындар ол жер   жұқа қаңылтырмен ғана жабылған дейді. Бұған құрылысты салған мердігер мекеменің айтар өз уәжі бар.

Әділжан УШУРОВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕНІҢ ҚАУІПСІЗДІК ИНЖЕНЕРІ:

Бала темір қаңылтырдың үстінде секіріп ойнауы мүмкін. Сондықтан құлап кеткен. Ол темірлер саңырауға мықтылап бекітілген. Шатырдың есігі де құлыптаулы тұрған. Мамандар байланыс жүйелерін орнату үшін есігін ашық қалдырып кілтін қайтармаған.

Мердігер мекеме өкілдері қара жамылған отбасыға көмек беретіндерін айтып ақталды. Шатырдың есігін бекітпеген кінәлілерді де анықтаймыз дейді.  Ал әкімдіктегілер кешенге қатысты бұған дейін арыз-шағым түспеген деп отыр.

Барлық ТӨРЕХАНОВ, ТАЛҒАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Осы 4 мамырдан тағайындалып әкім орынбасар қызметін атқарудамын. Именно крыша мәселесі бойынша ары-шағым көрген емеспін. Следствия жүріп жатыр. Жауапты тұлғалар өзінің кінәсін алады.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Қайғылы оқиға қатысты тергеу басталған. Әкімдік кешенге тиісті қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуді тапсырыпты. Әйтсе де Төтенше Жағдайлар Департаменті азаматтардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Ә. Лесбек