Русский Сайттың толық нұсқасы

Арал теңізінің құрғап қалған ұлтанына сексеуіл егу жұмыстары күшейтілмек

  • AstanaTV
  • 25 мамыр 2021
  • 1404

Арал теңізінің құрғап қалған ұлтанына сексеуіл егу жұмыстары күшейтіледі. Ол үшін қазынадан тоғыз миллиард теңге қаржы қарастырылмақ. Бұл туралы бүгін Елбасы кітапханасында Қазақстанның "жасыл экономикаға"өту тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында экология минситрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, арнайы экспедиция арал маңын толық шолып шыққан. Нәтижесінде, егілген әрбір сексеуіл ағашы кем дегенде төрт тоннаға дейін құмды ұстап тұруға қауқарлы екені белгілі болды. Мұны министр экологиялық тұрғыдан тиімді дейді.

Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ:

Арал теңізі ұлтанында шамамен 370 мың гектарды құрайды екен. Енді біздің мақсатымыз бірнеше жылдың ішінде осы алаңын бір, бір жарым мың миллион гектарға дейін ұлғайту. Оның мәні де мақсаты да өте зор.Бірінші ден бұл әлуметтік. Әрине жұмыс орындары ашылады.Біздің мәденитеімізді де арттырады.

Биыл елімізде "Жасыл Қазақстан" жобасы аясында милионнан астам ағаш егілмекші.   Осының негізінде баламалы энергия көздері мен үнемдеу технологияларының озық үлгілерін тартуға мүмкіндік жасалмақ.   Дөңгелек үстелге жиналғандар осылай дейді.    Олар сондай-ақ Елбасы кітапханасы жанына ағаш егіп, жобаны жүзеге асыруға үлес қосты.

Бақытжан ТЕМІРБОЛАТ, ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:


2020 жылы Жасыл экономика әлемде жаңа рекорд орнатты. Яғни, баламалы энергия өндіру 45 пайызға өсті. Ал, Елбасы бұл бағыттағы жұмысты сегіз жыл бұрын қолға алды.  2013 жылы 30 мамырда жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы енгізілді. Бұл еліміздің  30 жылдық мерейтойы қарсаңында үлкен жетістіктерге жетелейді.

Б. Сатуов