Русский Сайттың толық нұсқасы

«АрселорМиттал»- дың екі жұмысшысы балқытылған шойынға күйіп қалды

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2021
  • 1988

Теміртау қаласында «АрселорМиттал»- дың металлургия комбинатында екі жұмысшы балқытылған шойын темірге күйіп қалды. Конвертер цехында қып- қызыл металлға толы үлкен шөміш аударылып кеткен.  Металлургтер ауыр жағдайда, ауруханаға жеткізілді. Төтенше жағдай  темір балқып жатқан сәтте болған. Бұл- процес өте қауіпті. Сондықтан техникалық қауіпсіздік қатаң сақталуы тиіс. Ыстық отты сұйықтық шөміштен төгіліп, бүкіл цехқа шашыраған.  Балқыған шойынның температурасы цельсий бойынша 1000 градустан жоғары. Сұйықтық ең алдымен шөмішке жақын тұрған 27 жастағы жұмысшының үстіне құйылған. Екінші адам оны құтқарам деп зардап шеккен.  

Айзада ЖҰМАБЕКОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Қарағанды облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторының тапсырмасымен тексеру жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды. Төтенше жағдайдың себеп- салдары тексеру барысында анықталып, хабарланады.
 
«Арселор Миттал Теміртау» оқиғаның болғанын  жазбаша хатпен растады. Онда конвертер цехындағы қондырғылардың жағдайы мен шөміштің қолданылу мерзімі туралы жазылмаған. Компания өкілдері арнайы тергеуден соң ғана мәлімдеме жасайтындарын хабарлады. Айта кетейік,бұл Арселор Митталдағы алғашқы жағдай емес. 2018 жылы дәл осы цех маңында гидродинамикалық жарылыс болып, газ құбырлары жарылған болатын. Ол кезде бірнеше металлург жеңіл жарақаттанған.

А. Қуаш